«Апамның шәйін» ішуге болмайды
Батыс Қазақстан облысында бірқатар сүт пен шай, тәтті өнімдердің құрамынан сәйкессіздіктер анықталып, сатуға тыйым салынды.
Жыл басынан бері 203 өнім тексерілген.
Олардың 169-ы азық-түлік, қалғаны өзге тауарлар. Зертханалық талдау нәтижесінде
26 өнімде санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмағаны анықталды. Атап
айтқанда, сүттің майлылығы қорабындағы көрсеткішпен сәйкес келмеген. Шәй
құрамынан бояғыш, зиянды заттар анықталған. Кей тағамның микробиологиялық,
химиялық құрамы бұзылған. Мұндай тауарлар кері қайтарылады немесе сөреден алып
тасталынуы тиіс.
Гүлдана Кереева, облыстық
санэпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Біздің мамандардың сараптама жүргізуінің нәтижесінде «Новый день» сүтіне, «Апамның шәйі» сияқты азық-түлік өнімдеріне сәйкессіздік анықталғандықтан, оның декларациясы бір айға тоқтатылды. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерлер оны дүкен сөрелерінен алып тастайды, яғни сатуға тыйым салынады немесе жеткізген бизнес иесіне қайтарады.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15