Шымкентте қалдықты заңсыз төгетіндер ұсталып қалды
Шымкенттік полицейлер «Таза қала» акциясы аясында заңсыз қоқыс тастау деректерін анықтады. Асар шағын ауданында жүк көліктері құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген аумаққа төгіп, санитарлық-экологиялық талаптарды өрескел бұзғаны белгілі болды. Мердігерлер қалдық үйінділерін құммен жауып, жасыруға тырысқан. Рейд барысында бұл заңбұзушылықтар дрон көмегімен әшкереленіп, тиісті мекеме өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кінәлілерге 10 тәулік ішінде аумақты толық тазалап, қалпына келтіру міндеті жүктелді. 8 сәуірде басталған жедел-профилактикалық іс-шара аясында бүгінгі күнге дейін 1400-ден астам құқықбұзушылық анықталған.
Ерлан Жаппаров, Абай аудандық полиция басқармасы табиғатты қорғау бөлімшесінің
аға инспекторы:
Қазіргі мердігер бойынша 505 баппен әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынады. 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. 10 күн ішінде мына жерді тазарту бойынша ұсыныс хаттар жолданады. Осы таза қала акциясы негізінде біраз нысандар айналасындағы қоқыстардан тазарып, жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28