Жаңа Конституция – халықтық сипатқа ие
Жаңа Конституция – халықтық сипатқа ие. Бұл құжатты қоғамның барлық өкілі өзара талқылап, пікірін білдіруі тиіс. Осылай деген ғалымдар бүгін «Қазақстан мемлекеттілігінің тарихи дамуы контексіндегі Халық Конституциясы» атты ғылыми семинар өткізді. Тарихқа көз жүгіртсек, еліміздің құқықтық негіздері тереңде жатыр. Мысалы, «Қасым ханның қасқа жолы» мен Тәуке хан «Жеті жарғысы» өз заманында қоғам өмірін реттеп отырды. Жаңа Ата заң - сол тарихи дәстүрдің жалғасы. Семинар барысында айтылғандай, қазіргі заманда білім, ғылым және инновация басты құндылыққа айналып отыр. Сондықтан Халық Ата заңын ғылыми тұрғыдан зерттеу ғана емес, оны қоғам санасына сіңіру де аса маңызды, - дейді зерттеушілер.
Нұрбек Пұсырманов, ҒЖБМ мемлекет тарихы институтының директоры:
Енді халықтың басым көпшілігі қолдап дауыс бергеннен кейін Ол Халықтық Конституция сипатына ие. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі айтты ғой: біздің яғни Тәуелсіздіктің отыз бес жылдығы аясында қабылданған Конституция алдағы бағыт-бағдарымызды айқындайды. Демек халықтың өзінің көпшілігімен қабылданған Конституция енді бұл адамның іс-әрекетінен көрініс табуы керек.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15