Жас ғалымдар үйлі болды
Ғылым күні қарсаңында Президент қолынан пәтер кілтін алған алматылық жас ғалымдар өз үйлеріне жайғасты. Ет -жақындары жаңа шаңырақтарына барып шашуы шашып, баспана ішін аралап көрді.
Пәтер кілтін алғандардың бірі- әлеуметтанушы, жас ғалым Шырын Тіленшиева. Ол әлеуметтің әлеуетін зерттеп, әр өңір халқының өмір сүру салтына әсер ететін факторларды зерттеп жүрген жас ғалым. Баспаналы болудың арқасында зейінімді еш алаңсыз ғылымға толыққанды бұра алатын болдым,- дейді.
Шырын Тіленшиева, философия, саясаттану және дінтану институты әлеуметтану орталығының жетекшісі:
Бұл жаңа ізденуші ретінде алдағы жұмыстарыма мемелкет тарапынан, мемелкет басшы тарапынан берілген керемет сый деп қабылдаймын. Мен бұлай пәтер кілтін аламын деп сенген жоқпын. Бұл жаңалықты естіген кезде түс сияқты сенеріміді білмеймін. Толығымен көз жеткізген соң бөлісемін деп ойладым. Әрине бірінше кезекте ата-анама звондадым. Пәтер кілтін алу, Ақородада бұл деген сөзбен жеткізуге мүмкін емес ерекше сезім.Сондай-ақ, энергетика бағытында түрлі зерттеулерді жүргізіп жүрген зерттеуші Мадина Бақытжанқызы. Ол да осы уақытқа дейін Алматыда пәтер жалдап тұрыпты. Енді толыққанды екі бөлмелі пәтердің иесі атанып отыр. Бір қуантарлығы – баспаналы болған барлық ғалымның үй іші толық жиһаз және техникамен жабдықталған.
Мәдина Бақытжанқызы, ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің аға оқытушысы:
Осы уақытқа дейін жалдамалы пәтерде тұрдым Қазір пәтерім бар, кең жарық. Бұл менің сенімімді нығайтып, әрі қарай жұмысс істеуіме мотивация береді.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03