Мобильді аударым: Банктер деректерді комитетке тапсырды
Енді жеке шотыңызға үш ай қатарынан 100 немесе одан көп адамнан ақша түссе, банктер бұл туралы бірден Кірістер комитетіне хабарлайды. Бүгін қаржы ұйымдары салық органдарына жыл басынан бері жиналған мәліметті тапсырды. Бұл салықтан жалтарып жүргендерді анықтау үшін жасалып отыр. Ал кәсіпкер ретінде тіркелмегендер айыппұл төлейді. Ескеретін жайт, аударымдар тұрақты түрде үш ай бойы жалғасса және жалпы сома шамамен 1 млн 20 мың теңгеден аспаса, салық төлеуге ешкім мәжбүрлемейді. Әуелі ақша не үшін жиналғаны анықталады. Мәселен мақсатыңыз қайырымдылық жасау болса, тиісті құжаттарыңызды көрсетсеңіз жеткілікті. Жасырын кәсіп жүргізбегеніңізді 30 күн ішінде дәлелдей аласыз.
Ерсайын
Көптілеуұлы, ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының бас сарапшысы:
Яғни, сіз кәсіпкерлік жағдайды көздемесеңіз, уайымдамаңыз. Тиісті түсінік берсеңіз болды. Ал егер кәсіпкерлік мақсатта болса, салық есептілігін тапсырып, салық төлеуге шақырамыз. Туған-туыс, бауыр, дос-жаран арасындағы аударымдар салықтандыруға жатпайды және назарға алынбайды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17