Қызылордада өрт шыққан балабақшадан 88 бала құтқарылды
Қызылордада жекеменшік балабақшадан өрт шығып, 80-нен астам бала құтқарылды. Барлығы дін аман.
Оқыс оқиға қаладағы Ақбілек-орда бөбекжайында болған. Жалын екі қабатты нысанның жертөлесінен тұтанған. Өрт сөндірушілер келем дегенше сол маңнан табылған азаматтардың көмегімен 93 адам сыртқа шығып үлгерген. Оның 85-і бүлдіршін. Кейін құтқарушылар ғимараттан тағы 2 ересек және 3 баланы алып шықты. Жедел әрекет еткен мамандар отты дер кезінде сөндірді. Жалпы қызыл жалын 28 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17