Алматыда коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті
Алматыда таңнан бері нөсер жауын жауып тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының дерегінше, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарға 104 бірлік арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық көлік тартылған. Оның ішінде 9 техника су басу қаупі жоғары аумақтарға орналастырылған. 75 жедел бригада жасақталып, жалпы алғанда тәулігіне 2700 жұмысшы жұмысқа жұмылдырылмақ. Қосымша көмек ретінде Алматы қаласының құтқару қызметі де кезекшілікке шығады. «Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін-ертең Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17