БҚО су қоймаларына есептегіш құралдар орнатылады
Батыс Қазақстан облысында қайта жаңғыртылып жатқан су қоймалары мен каналдарға су есептегіш құралдары орнатылады. Аймақта суармалы жер көлемі соңғы 5 жылда екі есеге ұлғайған.
Өңірде 14 су қоймасы, 55 канал бар. Қазір солардың ішіндегі Киров су қоймасы,
Жәнібек суармалы-суландыру жүйесі мен екі канал қайта жаңғыртылып жатыр. Жоба
аясында су түбі тазартылады, гидротехникалық ғимараттар жөнделеді. Қақпаларға
автоматтандыру жүйесі орнатылады, су есептегіш құралдар қойылады. Бұл суды
үнемдеуге, оны тиімді пайдалануға, артық шығынды болдырмауға сеп болмақ.
Сондай-ақ, су тұтынуды болжау жүйесі іске қосылды.
Рауан Құсайынов, «Қазсушар» РМК
облыстық филиалының директоры:
Суды заңсыз пайдалануды жою мақсатында су тұтынуды ерте болжау жүйесі енгізіліп жатыр. Биллинг деп аталады. Оның аясында суармалы шаруашылықпен айналысатын шаруалармен келісімшартқа отырып жатырмыз. Қанша ақша төлейтіні, барлығы автоматты түрде есептеліп, ай сайын су тұтынушының телефонына келіп тұрады.
Биыл жаңа жүйеге 50 шаруашылық қосылған. Олар жаңбырлатып және тамшылатып суару
жабдықтарын қолданады. Негізінен картоп, көкөніс, мал азығы дақылдарын егеді.
Жалпы өңірде 12 мың гектар суармалы алқап бар. Су үнемдеу технологиясын
енгізген шаруаларға субсидия беріліп, инвестициясының 80 пайызы өтеледі.
Кеңес Кайдашев, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
Несиелеу үшін облыстық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді. 2,5%-бен шаруашылықтарға су үнемдеу технологиясына несие беріледі. Соған 10 шаруашылық несие алып, 2800 га су үнемдеу технологиясымен суармалы жерлерді енгізіп отыр.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02