Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
Алматыда көлік жүргізу кезінде телефон ұстаған 1 200 жүргізушіге айыппұл салынды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады.
Елімізде 12 наурыздан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске
енгізілген өзгерістер күшіне енгені белгілі. Енді жолдағы құқық бұзушылықты
камералар мен цифрлық жүйелер автоматты түрде тіркейді, яғни, полиция
инспекторынсыз айыппұл салынады. Қазір жаңа жүйе көлік құралын басқару кезінде
ұялы телефон пайдалану және қауіпсіздік белдігін тақпау деректерін тіркей
бастады. Мәселен Алматыда 1 айдан аса уақыт ішінде қауіпсіздік белдігін
тақпаған 1 646 жүргізуші анықталып, оларға тиісті айыппұл салынған. Полиция
дерегінше, бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне 67 мың бейнекамера қосылған. Жыл
соңына дейін тағы 30 мыңын қосу жоспарланған. Мегаполисте 186 мың бейнебақылау
камерасы жұмыс істеп тұр.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15