Қазақстан мен Тәжікстан қатынасы одақтастық деңгейге көтерілді
Қазақстан мен Тәжікстан әскери және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бүгін Сенат екі ел арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады. Бұл келісімге мемлекет басшылары 2024 жылғы 22 тамызда Душанбе қаласында қол қойған. 26 баптан тұратын құжат әскери, сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, энергетика, экология, цифрландыру, білім беру мен мәдени-гуманитарлық бағыттарды қамтиды. Соңғы жылдары тауар айналымы жыл сайын 1 миллиард доллардан асып отыр. Енді тараптар бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізуді көздейді. Мәулен Әшімбаев Заң мақұлданып, күшіне енгеннен кейін, экономикалық байланыстар мен жаңа инвестициялық жобалар қарқын алатынына сенім білдірді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қазақстан халықаралық аренада көпвекторлық, сындарлы және белсенді саясат жүргізіп келеді. Бауырлас Тәжікстан елімен мемлекетаралық байланысымыз жаңа одақтастық қатынас деңгейіне көтеріліп отыр. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Корольдігімен қарым-қатынастарымыз да стратегиялық сипатқа ие болды. Алдағы уақытта бұл құжаттар аталған елдермен ынтымақтастықды одан әрі нығайтуға тың серпін береді деп сенеміз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04