Алматыдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
Алматыда 60-қа жуық дәріханаға мамандар арнайы мониторинг жүргізді.
Бұл туралы қалалық қоғамдық коммуникациялар орталығында айтылды. Іс-шара барысында дәріханаларда сатылатын дәрі-дәрмектердің құнына кешенді талдау жасалды. Мамандар олардың баға деңгейі мен халық үшін қолжетімділігін бағалады. Әлеуметтік маңызы бар бірқатар дәрі-дәрмекке арнайы шекті баға енгізілген еді. Бұл тетік белгілі бір препараттардың құны белгіленген деңгейден аспауын қамтамасыз етуге бағытталған. Мониторинг нәтижесінде аталған талаптардың сақталу деңгейі зерделеніп, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті қорытындылар жасалды.
Зәуреш Аманжолова, қалалық қоғамдық кеңестің №6 комиссия төрайымы:
Баға әр жерде әртүрлі, ана дәріханада мынанша тұруы мүмкін, мына жерде 200-300 теңге қымбатырақ тұруы мүмкін. Оны да байқадық. Оның бәрін жазып, ұсынысымызды айттық. Дәріханаға кірсеңіздер, көрсетілген бағаны көрмейсіздер. Бағасын кассаға барғаннан кейін айтады. Сондықтан мына тауарларға бағасын қойса деп жаздық.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28