Жеңіл өнеркәсіп нарығында отандық шикізат үлесі артады
Жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар жергілікті өнімдерді шикізат ретінде пайдалануға міндеттелмек. Бұл отандық өндірістің әлеуетін арттыруға септеседі, дейді мамандар. Жақында саланы дамытуға арналған Жол картасы бекітілмек. Онда көлеңкелі импортпен күресу мақсатында бақылау және таңбалау жүйесі енгізілмек. Былтыр жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 3,6 млрд долларды құрады. Оның ішінде, отандық өндірушілердің үлесі 8,1 пайыз болса, қалғаны – импорт. Қазір елімізде 1450 кәсіпорын жұмыс істейді. Онда 27 мыңға жуық адам еңбекпен қамтылған.
Мұхамед Андаков, ӨҚМ Өнеркәсіп комтиеті төрағасының орынбасары:
Жергілікті шикізатты міндетті түрде пайдалану көзделіп отыр. Бұл отандық ресурстарды тиімді игеруге және өндірістің ішкі әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Біз Қазақстан азаматтары ретінде сатып алу немесе сату кезінде отандық тауарларға басымдық беруіміз керек. Отандық өнімді таңдау арқылы біз Қазақстан экономикасына инвестиция саламыз.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17