Ақмола облысында жүзден аса қоқыс полигоны заңдастырылмаған
Ақмола
облысында арнайы қоқыс төгуге бөлінген 130 жер учаскесінің тек 25-сінде ғана
рұқсат қағазы бар. Демек, 600-ден астам елді мекені бар өңірде қоқыс рұқсат
етілмеген орындарда жинақталуда. Оның үстіне облыста әзірге миллиондаған тонна
қоқысты сұрыптап, өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Тек алдағы жылдары бұл
бағытта 3 жоба жүзеге асырылмақшы.
Көкшетаудың іргесіндегі бұл полигонга 200 мыңға жуық тұрғыны бар шаһардың
қоқысы төгіледі. Өткен ғасырдың 80-жылдары ашылған қоқыс орны жанындағы Элита
ауылының тұрғындарына қолайсыздық тудырып отыр.
Еркін
Шоқаев, ауыл тұрғыны:
Полигоннан проблема бізде көктемде, қар ерігенде иіс келеді, міндетті түрде. Неше түрлі иістер келеді. Сол бізде мәселе болып көтеріп тұрған. Полигонды жапса екен дейміз, негізі. Жапқан дұрыс. Көктемде әсіресе, балалар шыққанда қиын. Неше түрлі иістер келеді. Жел осы жақтан соққанда, өте жаман иістер келеді.
Баян
Жақсынбетова, ауыл тұрғыны:
Жел болса, болды бүкіл иістің барлығы, бүкіл қоқыстың барлығы өлген, тірілген, өлген малдардың барлығының иістері бізге келеді. Өте қиын болып тұр. Барлығының иістері бізге келіп, тұншықтырады. Әсіресе, жел болған кезде.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, биыл мамыр айынан бастап өңірде 150 мың
тонна қоқысты сұрыптап, өңдейтін 3 зауыт салу қолға алынады. Оның бірі алдағы
екі жылда Көкшетауда іске қосылмақшы. Сөйтіп, Элита ауылының жанындағы полигон
жабылады, - дейді.
Еркегүл
Аңсағанқызы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының маманы:
Жалпы қаржыландыру «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен жүреді және биыл облыстық бюджеттен 2,2 млрд тг бөлінді. Жоба бізде 2026 жылдың мамырында басталады. Құрылыс екі жылға созылады.
Десе де, өңірде 400-ден астам
рұқсат етілмеген қоқыс орны бар. Өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 458-і
анықталған. Бүгінде экологиялық мониторингті «Smart Aqmola» мекемесі белсенді
қолға алды. Облыс бойынша 22 дрон әр аудандағы экологиялық ахуалдан ақпарат
береді.
Асылбек
Байборанов, облыстық «Smart Aqmola» мекемесі басшысының орынбасары:
Дрон аэромониторинг жасайды, көреміз. Егер де қоқыс болса, толып тұрса, үлкен көлемді қоқыс бар. Соған біз өтінішті аламыз. Барлық ақпаратты жинаймыз да жергілікті басқарушы мекемеге жібереміз. Процесс осындай бізде және одан басқа біз қала бойынша барлығын тексереміз.
Ал полигондарды заңдастыру мәселесі республика деңгейіндегі көкейкесті мәселе. Себебі бір полигонды заңдастыру үшін 1 миллиардтан 3 миллиард теңгеге дейін қаражат жұмсалады, - дейді жауапты орган өкілдері. Алдағы уақытта экология министрлігі бұл түйткілді заң негізінде шешпек. Сондықтан әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15