Ыстанбұлда қазақ ғалымының еңбектері таныстырылды
Ыстанбұлда көрнекті қазақ археологы, профессор Айман Досымбаеваға арналған халықаралық ғылыми-мәдени шара өтті. Еліміздің Ыстанбұлдағы Бас консулдығы мен Түркі тарихы және мәдениеті қорының ұйымдастыруымен өткен шара аясында Жайсан мен Мерке ескерткіштерінің тарихы мен бай мұрасы таныстырылды. Ғалымдар мен тарихшылар түркі өркениетінің археологиялық мұрасын зерттеу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ осы жиында ғалымның «Жайсан - Шу өзені түріктерінің киелі жері» атты кітабы таныстырылды. Айман Досымбаева - Жетісу мен Сарыарқа ескерткіштерін зерттеуге зор үлес қосты. 10-нан аса монография мен 100-ден астам мақала жазып, қазақ археологиясын зерттеуде терең із қалдырған ғалым.
Нұрболат Бөгенбай,Түркі академиясының
сарапшысы:
Бұл кітапта негізінен Батыс Түрік қағанатының ғылыми мұрасы, оның ішінде тас мүсіндер, петроглифтер, ғұрыптық қоршаулар, сонымен қатар Қазақ хандығына дейінгі дәуірдегі ескерткіштер туралы топтастырылған. Бұл – енді тек қазақ халқына емес, бүкіл түркі әлеміне үлкен сыйлық, үлкен бір ғылыми мұра деп ойлаймын.
Ахмет Сажит Ачыкгөзоғлы, Мимар Синан университетінің ректоры, профессор:
Ең маңыздысы – түркі халықтары, соның ішінде бауырлас қазақ халқымен тарихи байланыстың одан әрі нығаюы. Әсіресе студенттер, оқытушылар және ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуы артқан сайын бұл бағыттағы қатынас, археологиялық зерттеулер жаңа кезеңге өтеді деп сенемін.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15