«Таза Қазақстан» ШҚО-да жалпыхалықтық жобаға айналды
Екі жыл бұрын басталған «Таза Қазақстан» акциясы өз нәтижесін берді. Бұл акция қазір жалпыхалықтық жобаға айналды. Сондықтан ешкім тыс қалмайды. Нәтижесінде қоғамда экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Жыл он екі ай өтетін тазалық шарасына тек былтыр Шығыс Қазақстан облысында 300 мыңға жуық адам қатысып, 500 мың тонна қоқыс шығарылды. Жазда саябақ пен өзен-көл тазартылып, тарихи ескерткіштің маңы абаттандырылды. Ал қыста волонтерлер қар шығаруға көмектесті. Осы шара басталғалы қатысып келе жатқан шығыстағы эко белсенділер бүгін Ұлан ауданында бас қосып, былтыр атқарған жұмысын қорытындылап, жаздағы шаруларына жоспар жасады. Биыл өңірде бұл жоба «Тазалыққа қадам жаса» атауымен өткізілмек.
Аймұхамет Бәкімбаев, Ұлан аудандық
ардагерлер ұйымының төрағасы:
Тазалығымыз да жанданып келе жатыр. Бұл уақытта аудан ардагерлері де әрқашан көмегімізді көрсетіп жүреміз. Жастарға үлгі болатындай іске кірісіп, екі жыл болды алдымен біз аудандағы ардагерлер аллеясын тазартудан бастаймыз.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15