Астанада білім бәйгесі басталды
50 ЖОО. 700-ден астам студент. Еуразия ұлттық университетінде білім бәйгесі басталды. Еліміздің ең білімді жастары бір алаңда. Университеттің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада – жай ғана жарыс емес. Бұл – ел болашағын қалыптастыратын жастардың үлкен кездесуі.
Ерлан Сыдықов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма
төрағасы – ректоры:
Мұның негізгі мақсаты – біздің жаңа Конституциямыздың преамбуласына енген тезис, ол стратегиялық бағытымызды айқындайтын, білім мен ғылым, инновация делінген. Міне, осы тұрғыда оны әрі қарай жүзеге асырушалар ол – ғалымдар. Ғылымға деген қызығушылықтан басталады, мұның бәрі. Жас студенттерді студенттік аудиториядан бастап, ғылымға бейімдеуіміз керек. Осы тұрғыда осы олимпиаданың алатын орны, маңызы ерекше деп білемін.
Олимпиада ауқымы кең. Гуманитарлық бағыттағы тіл, тарих, шығыстану,
дінтанудан бастап, криптология, ядролық физика, гидрология, көлік
технологиялары сияқты күрделі салаларға дейін қамтылған. Тіпті сервис пен
туризм де назардан тыс қалмаған. Яғни бұл – тек білім жарысы емес, болашақ
мансапқа жол ашатын үлкен мүмкіндік.
Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
Жоғары оқу орындары арасында дінтану мамандықтары арасында бәсекелестікті, өзара таныстықты, байланысты, арттыратын үлкен шара. ЕНУ-дің 30 жылдық мерейтойы болып жатыр. Соның қарсаңызда, 13-тен астам бағдарламалар арасында бір күнде, бір сәтте үлкен олимпиада болып жатыр.
Байжұман Қашқынбай, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі
департамент директоры:
Талантты студенттер Астанамыздың төрінен орын алсын деген мақсатта жасалған іс-шаралардың, көрмелердің барлығы сол студенттердің көзайымы болсын, көрсін, осы бағытта өздерінің жұмыстарын жетілдірсін деген бағытта жұмыс істеп отырмыз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15