БҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған
Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ анықталды.
Тергеу барысында ветеринардың ұрланған малды
заңдастырғаны әшкереленді. Заң қызметкерлерінің айтуынша Казталов ауданында
бірнеше адам жүйелі түрде баукеспелікпен айналысқан. Ал мал дәрігері оларға жалған құжат рәсімдеп отырған.
Ұрланған малды қара нарықта сатылған. Шығын көлемі – 35 млн теңге.
Күдіктілердің бәрі ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.
Бекзат Құмарғалиев, аға прокурор:
Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны және олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде жәрдемдесуде. Облыс прокуратурасы бұл жағдайдың осындай қылмыстарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын айғақтайтынын атап өтеді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17