Басты Жаңалықтар «Кітап оқитын спортшы» жобасы басталды

«Кітап оқитын спортшы» жобасы басталды

«Кітап оқитын спортшы» атты жобаның тұсауы кесілді. Қазақстан футбол федерациясы мен Кітап оқитын ұлт қоры жаңа бастаманы қолға алды. Жоба кәсіби футболшылардың арасында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, бұл матч кезінде атлеттерге зейінін арттырып, алаңдағы шешім қабылдауына оң әсер етеді. Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аян Сакошев, «Кітап оқитын ұлт» ҚҚ атқарушы директоры:
Кітаптар тізімін дайындаймыз. Оларға белгілі уақытқа берілген 10-15 кітап болуы мүмкін. Сол тізімді спортшылармен бірлесе отырып дайындаймыз. Жарты жыл ішінде оларды оқиды. Арнайы сатқа кіріп, кітапты оқығанын дәлелдейтін пікірлер қалдырады. Сонымен қатар, квиздер өтеді. Солардың нәтижесі бойынша біз үздіктерін анықтаймыз. Үздіктер қаржылай сыйлықпен марапатталады.


Бөлісу