Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Еуропада «ұшақ отыны алты аптадан кейін» таусылуы мүмкін. Мұны Халықаралық энергия агенттігінің атқарушы директоры Фатих Бирол мәлімдеді. Оның ескертуінше, Таяу Шығыстағы соғыстан мұнай тасымалы тежеле беретін болса, жақында ұшақ рейстерін жаппай доғаруға тура келуі мүмкін.

Түркияда осы аптада мектептерде болған атыс туралы интернетте пост жариялаған 162 адам тұтқындалды. Елдің әділет министрлігінің мәлімдеуінше, оларға қоғамды дүрліктіретін және қылмысты мадақтайтын контенттер мен бейнематериалдар таратты деген айып тағылып отыр.

Андаман теңізі мен Бенгал шығанағында 2025 жылы 900-дей рохинджалық мұсылман жоғалып кеткен немесе қаза тапқан. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Оның дерегінше, Мьянмадағы зорлық-зомбылық пен Бангладеш лагерлеріндегі адам төзгісіз жағдайдан қашқан босқындар Малайзия, Таиланд, Индонезияға бара жатып суған кеткен.

Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласының хайуанаттар бағынан шығып кеткен қасқыр ұсталды. Жергілікті халықты тоғыз күн бойы үрейлендірген түз тағысын полицейлер парктен төрт шақырым жерде тауып отыр.


Бөлісу