Ақтөбе қаласының аумағынан заңсыз 74 қоқыс алаңы анықталды
Ақтөбе қаласының аумағынан заңсыз 74 қоқыс алаңы анықталды. Қазірге дейін оның 48-і жойылған.
Мұндай орындарды тазартуға студенттер де тартылды. Бүгін олар еріктілермен бірге «Алтын орда» шағын ауданының жанындағы аумақты қоқыстан арылтуға көмектесті. Өңірде 28-інші наурызда «Таза Қазақстан» акциясы аясында екі айлық сенбілік жарияланған еді. Осы уақытқа дейін шараға 10 мың адам қатысып, полигонға 14 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған.
Алмат Болат, студент:
Бүгін осындай сенбілік. Қаламыздың өркендеуіне атсалысып жүрміз. Осындай сенбілікке жиі шығамыз, аптасына 1-2 рет шығамыз. Жазаны қатаңдату керек деп ойлаймын. Өйткені, ол өзіміздің туған жеріміз.Заңсыз қоқыс алаңдары «Ғарыш сапары» геопорталы арқылы анықталған. Бұл аумақтарды тазартуға 300 миллион теңге бөлініп, мердігерлер жұмыс істеп жатыр.Тек соңғы бір аптаның өзінде тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен екі тұрғын ұсталды. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушілердің заңсыз әрекетін анықтауға қала тұрғындары мен табиғат жанашырлары көмектескен.
Азамат Бекет, қала әкімі:
Былтыр дәл осындай уақытта, көктемде еріктілермен бірге, қала тұрғындарымен бірге осы жерді қоқыстан тазартқан болатынбыз. Енді өздеріңіз көргендей, бір жыл болмай жағдай қайталанып тұр. Полиция қызметкерлері де бірігіп жұмыс істеп, қазіргі уақытта 1200 адамға айыппұл салынды. Оның бағасы екі жарым миллион теңгеге айыппұл салынған болатын.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07