Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы басталды. Екі күнге созылатын хакатонға төрт бағыт бойынша 100-ден астам тың бастама ұсынылды. (( КСМ: )) Биыл елімізде цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп белгіленді. Осыған орай, «Amanat» партиясы жастардың осы бағытта ойлап тапқан жаңашылдықтарын жүзеге асыруға қолдау көрсетпек. Ең үздік жобаға 1 миллион теңге жүлде қаралса, мектеп оқушылары арасында топжарған жеңімпазға Қорқыт ата университетінің білім гранты беріледі.
Жандос Базартай, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы:
Ең үздік танылған жоба жеңімпазымен келісім-шартқа отырып, 3 ай көлемінде соның жобасын қаржыландырып, сол жобаны нәтижесінде дайын өнімді халықпен жұмыс жасаудағы әлеуметтік бағытта пайдаланатын боламыз.ІТ және жасанды интеллект саласын меңгерген жастар тұрғын үй, цифрлық медицина, құқықтық көмек, инклюзивті білім беру секілді салаларды дамытуға арналған жобаларын таныстырып, оны арнайы комиссия алдында қорғайды. Мәселен, ақтөбелік студенттер денсаулық сақтау саласы бойынша сирек кездесетін ауруды ерте анықтайтын цифрлық платформа әзірлеген.
Ермұхан Талапов, байқауға қатысушы:
Лейкоз ауруын анықтайтын ЖИ негізделген дәрігерге көмекші бот боп табылады. Және бұл ақ қанмен ауыратын адамдарды ерте кезде анықтау біздің мақсатымыз. Қазіргі таңда біздің АІ чатымыз 80 пайыз ықтималдықпен анықтап отыр. Деректерді көбейтіп, 90 пайызға көбейткіміз келеді.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28