«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
Бүгін Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған орай Жамбыл облысы «Ақыртас» сарай кешенінде «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы өткізген шара еліміздің 20 өңірін қамтымақ. Мақсат – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында тарихи орындарды таза ұстап, өткен тарихтың өнегесін бүгінгі буынға насихаттау. Сонымен қатар игі бастама халықаралық волонтерлер жылы аясында маңызды қоғамдық жобалардың біріне айналмақ.
Салтанат Ділдәбекова, облыстық тарихи, мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының бас инспекторы:
Жастарды, волонтерлерды осындай тарихи орынға тарта отырып қызықтыра отырып далалық жұмыстарға қатыстыра отырып, көзбен көріп қолмен ұстап тарихи маңыздылығын түсіндіре отырып насихаттау болып табылады. Шараға волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, жастар бірлестіктері мен жергілікті қауымдастық өкілдері қатысады.Жамбылдық жастар шара шеңберінде елдегі экологиялық акцияға үлес қосып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар «Ақыртас» қалашығының айналасына ағаш отырғызды. Бүгінде елімізде 7 мыңнан астам ерікті бар. Енді осы жоба аясында олардың қатарына 200 мүшесі бар «Мәдени мұра волонтерлер клубы» қосылды.
Нұрас Ералы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ұйымының директоры:
Волонтерлеріміз тек қана талазықпен айналыспайды. Олар мәдени жерлерді сақтаумен, насихатпен және де осы әлеуметтік желілерде ақпаратты таратумен айналысады. 10 мәдени нысан «ЮНЕСКО-ға» кірген болатын. Ол обьектілердің бесеуі де Жамбыл облысында. Бірақ осы тізімге кірмеген басқа мәдени нысандарды да қорғаумен айналысамыз. Тек қана үлкен белгілі жерлермен емес.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03