«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
«Mamma Mia!». Осындай атаумен Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры алғаш рет Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театры сахнасында жарқын музыкалық спектаклін сахналады. Көрерменге тірі музыка мен шынайы эмоциялар сыйлаған қойылым жайлы тілші бейнематериалында.
Спектакльдің негізін әлемге әйгілі ABBA тобының талай жылдан бері тыңдармандар жүрегін жаулап келе жатқан аңызға айналған хиттері құрайды. Сондықтан болса керек тірі музыка, шынайы эмоциялар мен сахналық әрекеттердің қарқыны көрерменге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Айдана Сәбитханова, актриса:
Бұл енді тарихтан алынған мюзикл деп айтуға болады. Өйткені АББА-ның әндерін көбі біледі. Ерекшелігі — қазіргі заманға сай режиссер сценарийді өзгертіпті. Сөздері, жастарға ыңғайлы сөздерді қосып, билер бізде заманауи болып тұр.Қойылым бір сахнада жетекші солистерді, хорды, балетті және симфониялық оркестрді тоғыстырып, өнерпаздар көрерменге әсерлі шоу ұсына білді.
Роман Степенский, ШҚО драма және оперетта театрының қоюшы режиссері:
Біздің оркестрімізді керемет дирижер басқарады, «Алтай» балетіміз, оған қоса тамаша хорымыз бар. Осы аталғандардың барлығы бірігіп, көрерменнің көзайымына айнала білді. Біздің елордаға келіп, спектакль сахналауымыздың өзі – үлкен жетістік. Осындай мүмкіндік берген облыс әкімдігіне алғыс айтамыз. 100 адамнан тұратын ұжымды Астанаға әкеліп, өнерін көрсетуіне себепші болды.Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылғанымен, қысқа уақыт ішінде көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде ерекше орын ала білді. Бүгінде ұжым қарқынды дамып, алғаш рет елорда көрермендеріне өз өнерін паш етті, дәлелдеді, мойындатты.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04
«SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу жалғасып жатыр
18.04.2026, 20:02