Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды

Астанада 5 мыңға жуық әке мен бала ағаш екті. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілік бірнеше бағытқа бөлінді. «Жасыл аймақ» бағыты аясында әкелер балаларымен бірге ағаш отырғызса, «Таза өлке» бағыты бойынша мектеп аумақтары абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл бастама – тек экологиялық акция емес, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін айқындайтын, отбасылық құндылықтарды нығайтатын маңызды әлеуметтік жоба, - дейді ұйымдастырушылар. Әке мен баланың бірге еңбек етуі арқылы жас ұрпаққа жауапкершілік, еңбекқорлық және туған жерге деген жанашырлық қасиеттерін дарыту көзделген.
Табысбек Бозынайыұлы, қала тұрғыны:

Бүгінгі «Әке – үлгі, әке – өнеге» деген сияқты ағаш егу, балаға үлгі, өнеге көрсету үшін жиналған қауым, ата-аналарға осындай үлгілі осындай салиқалы саясатымызда мемлекетіміздің осылай жүре беруге тілектеспіз. Әрқашан мемлекетімізді таза қала ретінде үлгі тұтамыз.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл енді «Таза Қазақстан» деген Мемлекет басшысының бастамасы. Ол тек көшенің тазалығы емес, ол жалпы біздің санамыздың тазалығы. Бұл бір экологиялық мәдениет деген сондай бір кең ауқымды мағынасы бар. Сондықтан әкелер, балалар, ата-аналар әкімдікпен бірігіп осындай жақсы, өте қажет шара өткізіп жатқанды өте маңызды деп санаймын.


Бөлісу