«Таза Қазақстан» бастамасы Грекияда қолдау тапты
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы Грекияда қолдау тапты. Еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі игі істі ілгерілету мақсатында Афинада жағалау аумағын тазарту акциясын ұйымдастырды. Бастамаға Грекиядағы Қазақстан азаматтары, студенттер мен жергілікті тұрғындар қолдау көрсетті. Еліміздің Грекиядағы елшісі Тимур Султанғожиннің пайымынша, шара шаһарды абаттандыруға септігін тигізіп қана қоймай, бүкіл әлемде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған үндеу. Афина басшылығы да акцияға қатысқандарға алғыс білдіріп, «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызды үлгісі екенін атап өтті.
Николай н. Яковлев, Афинадағы Палео Фалиро Муниципалитеті мэрінің орынбасары:
«Таза Қазақстан» – бұл бәріміз ұстануға тиіс бастама. Себебі, қоқысты шашатын, проблеманы туындататын адамдардың өзі. Оны шешетін де біз. Осындай шара арқылы біз өзімізді, жас ұрпақты, балаларды тәрбиелеп, қоршаған ортаның ластануы сынды өзекті проблеманы шешу өз қолымызда екенін түсіндіреміз.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Банктің бақылауы күшейді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03