Басты Жаңалықтар Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

Астанада тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен әйел есін жиды. Алайда дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Сондықтан әлі жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер оны күйік шалғанын, таныс алу жолдарының зақымданғанын, ағзаның уланғанын айтты. Төтенше жағдай елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде осыдан бір апта бұрын болған еді. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнынан үш баланың денесін алып шықты. Ал анасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз, қылмыстық іс қозғалып оқиға тергеліп жатыр.

Марат Сабыров, дәрігер-травматолог:
Ауыр күйік жарақаты бар 39 жастағы науқас ем қабылдауда. Жағдайы ауыр болғанымен тұрақты, теріс динамикасы байқалмайды. Науқас есін біледі, тыныс алуы жасанды өкпе желдету аппараты арқылы қамтамасыз етілген. Оттегімен қанығу көрсеткіштері жақсы деңгейде сақталуда. Жүрек қызметі мен артериалдық қысымы тұрақты.


Бөлісу