Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады
Ерекше баласы бар отбасыларға қолдау артады. Бүгін Үкімет басшысы осыған қатысты нақты тапсырма берді. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс әлі де үстірт және жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Сондықтан мәселені кешенді түрде шешу керек. Нақты тапсырма - озық елдердің тәжірибесіне сүйеніп, өмірдің барлық кезеңін қамтитын толық сүйемелдеу моделін енгізу. Оған ерте диагностика, үздіксіз түзету, педагогикалық қолдау және кейінгі жұмысқа бейімдеу кезеңдері кіреді.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Арнайы мамандар, яғни логопед, сурдологтар, реабилитологтар жетіспейді. Нысандарды бейімдеу барысында қағазбастылық пен көзбояушылық азаймай келеді. Сондықтан озық елдердің оң тәжірибесін, атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарды қолдаудың үздік моделін құру тәжірибесін үйрену керек. Осы орайда өмірдің барлық кезеңінде мүмкіндігі шектеулі жандарға кешенді көмек көрсету бойынша нақты ведомствоаралық өзара іс-қимылды енгізу қажет.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17