Петропавлда ₸2 млрд талан-таражға түскен
Петропавл қаласында көпір салуға бөлінген 2 млрд теңге талан-таражға түскен.
Қаржылық мониторинг агенттігі қазір жай-жапсарын тергеп жатыр. 2023 жылды Петропавл қалалық әкімдігі мен мердігер
ұйым арасында автожол өткелін салу туралы келісімшарт жасалған. Жоба құны 5 млрд 400 млн теңге. Нысан былтыр
қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс белгіленген кестеден кешіккен.
Соған қарамастан мердігер компанияның директоры тапсырыс беруші тараптың
лауазымды тұлғаларымен ымыраласып, атқарылмаған жұмысты «орындалды» деп жалған
актілерді жасаған. Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден
астам шығын келген. Соттың шешімімен құны 270 млн теңгеден асатын 24 көлік пен
арнайы техникаға шектеу қойылып, күдікті қамауға алынды.
Тимур Жұманов, қалалық әкімдіктің
баспасөз хатшысы:
Жобаны аяқтау мақсатында басқа компаниямен келісім шарт жасалды. Қазір жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Автожол өткелінің құрылысы биыл тамыз айында аяқталуы тиіс.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Түркияда 2027 жылы Айды зерттеуге ғарыштық аппарат ұшырылады
15.09.2026, 19:55