Оралда жаңа өнім цехы ашылды
Оралдық QazExpoCentre-Pipe кәсіпорнында жаңа өнім цехы ашылды. Мұнай-газ саласына арналған муфта өндірісі жергілікті қамтудың үлесін арттырады. Жаңа желіде цифрландыруға басымдық берілген.
Муфта – мұнай-газ өндірісіндегі құбырларды жалғайтын маңызды жабдық. Жаңа цех
неміс станоктарымен жабдықталған. Толық автоматтандырылған. Бірегей кәсіпорын
жылына 127 мың дана муфта шығарады.
Айдын Қанатбеков, Кәсіпорын
ресурстық орталығының басшысы:
Әлемде мықты 5 компания бар. Біз 6-шы болып кіріп жатырмыз өз өнімімізбен. Тұрбаны сырттан алып келеміз, осында резбаны кесеміз. Бірақ муфтаны үнемі шетелден импорттап жасайтын едік. Ал енді осы цех арқылы жергілікті қамту өседі. Сол арқылы 58 адам жаңадан жұмыс орнымен қамтылып отыр.
Зауытта 20 жылдан бері кен игеруге қажет болат құбырлар өндіріледі. 200 адам
еңбек етеді. Заманауи кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес
қосып келеді.
Нариман Төреғалиев, облыс әкімі:
Бұл біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы. Яғни, отандық өнімді қолдау. Шет мемлекеттен келетін осындай өнімдерді, импорттарды азайту. Яғни өз өнімдерімізді нарыққа көбірек шығарып және әлемдегі басқа мемлекеттерден кем емес өнімді шығара алатын жағдайға жеткенімізді дәлелдеу. Жылына бұл компания облысқа 5 млрд теңге салық түсіріп отыр.
Былтыр
өңірде 841 млрд теңге инвестиция тартылған. Әсіресе осындай өңдеу
өнеркәсібіндегі жобаларға басымдық берілген.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15