Қызылордада жаңа драма театр сала бастады
Қызылордада жаңа драма театрдың құрылысы басталды. Биыл Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы шаһарда заманауи өнер ордасын салуды тапсырды.
Ел тарихында алғашқы қазақ театры осыдан бір ғасыр бұрын Қызылордада ашылып, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанған еді. Ұлы өнердің бастауы болған мекенде енді міне соңғы үлгідегі жаңа театр бой көтермек. Жоба бойынша нысан 3 қабаттан тұрады. Спектакль қоятын 520 орындық көрермен залы болады. Жаңа театр келесі жылы көрерменге есігін айқара ашады.
Хұсейін Әмір-Темір, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:
Бүгін бір тарихи сәт. Облыс өнері үшін. Мәдениеті үшін. Біз енді бүкіл театр ұжымы мақтанышпен қабылдап жатыр. Жаңа заманауи ғимарат өнердің жаңа белесіне, жаңғыруға алып келеді ғой деп ойлаймын.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17