Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
Пәкістан астанасы АҚШ-Иран келіссөздерінің екінші раундын қабылдауға дайындалып жатыр. Бүгін Исламабадтың «Қызыл аймағында» қауіпсіздік шаралары күшейтілді.
Америка Құрама Штаттары Пәкістанға делегация баратынын мәлімдеді. Алайда, Иран нақты шешім қабылдамаса да, кездесуге қатысу мәселесін қарастырып жатқанын хабарлады.
Айта кетсек, президент Дональд Трамп Ислам Республикасынан Ормұзды жауып, мұнай бағасын өсіруді доғаруды және байытылған ураннан бас тартуды талап етіп келеді. Ал Иран АҚШ-қа шабуылды қайталамау, санкцияларды алып тастау және Тегеранның ядролық бағдарламаға құқығын мойындау туралы шарт қойып отыр.
Егер тараптар келісімге келсе, қол қою рәсіміне Трамп өзі баруы мүмкін немесе оған виртуалдық режимде қатысуы ықтимал.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00