Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
Өңірлік экологиялық саммит ғылыми мекемелер мен іскерлік қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған. Іс-шара аясында 30-ға жуық меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бұл қазіргі уақытта өте қажет әрі маңызды жиын, - дейді мамандар. Өйткені Орталық Азия өзге елдермен салыстырғанда жаһандық жылынудан едәуір зардап шегіп жатыр. Су көздерінің сарқылып, көлдердің таязданып жатқаны соның бір айғағы. Ал бұл бас қосу осы өзекті мәселелерді бірге шешуге шақырады.
Ерғұлан Дүйсекеев, эколог:
Мәселе өте көп. Ол судың мәселесі. Айта кететін болсақ, мысалы Арал теңізі, Каспий теңізі, сондықтан менің ойымша қоршаған ортаны жалпы қалай басқара аламыз, қалай біз сақтай аламыз және қалай қалпына келтіре аламыз деген сондай үлкен мәселелер көтерілетін болады.
Ауқымды халықаралық іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылмақ. Жиынға Орталық Азия елдерінің Мемлекет басшылары мен ғылыми қауымдастық өкілдері, сондай-ақ 20 мыңнан астам қатысушы келеді.Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау ісіне жаңа инновацияларды енгізу тақырыбында көрме ұйымдастыралады.
Жансұлу Садықова, ұйымдастырушы:
Көрменің аумағында 247-ге жуық компания бар дедім, олардың басым бөлігі осы компаниялардың стратегиясын таныстырады. Мысалы өнеркәсіптер бар иә. Табиғатқа, қоршаған ортаға қандайда бір зиянды заттарды бөлетін. Осы көрмеде солар зиянды заттарды бөлмес үшін қандай ең үздік технологияларды енгізіп жатыр, нөлдік зиянмен жұмыс жасап жатыр, сол өзінің үздік жобаларын көрсететін болады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15