Өңірлік экологиялық саммит басталды
Астанада Орталық Азиядағы ең ірі экологиялық саммит басталды. Игі бастаманы ел Президенті БҰҰ мінберінде көтерген еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы қолдау тауып, бүгін елорда да 9 мемлекет басшысы сондай-ақ жоғары деңгейдегі делегациялар бас қосып жатыр. Алыс-жақын шетелдерден ғалымдар, сарапшылар мен инвесторлар да келген. Дәл қазір басты жиын өтетін конгрес орталығынан әріптесім Ернұр Медет ақпар таратуға дайын. Ернұр, іс-шараның мән-маңызыз салмақтап берсең. Қандай тақырыптар қаузалады? Бұл жиынның маңызы қандай?
Іс-шараның ауқымы кең, көтерген жүгі ауыр. Қазақстан өңірдің«жасыл» трансформациясының көшбасшысы ретінде әрекет етіп, осындай көлемдегі алғашқы экологиялық саммитті өткізіп отыр. Себебі табиғи апат шекарамен шектелмейді. Мәселен, Орталық Азиядағы су көздерінің басым бөлігі – ортақ. Бір елде басталған өзен екіншісінің тіршілігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан бас пайданы ойлауға болмайды, келісілген саясат қажет. Күнделікті айтылатын, бірақ көпшілік мән бермейтін климаттық құбылудың қаупін қарапайым тілмен талдап көрейік. Бүгінде аймақтағы басты проблемалардың бірі – жердің деградациясы. Ал оған адами фактордың әсері орасан. Жерді шамадан тыс пайдалану, орман-тоғайдың кесілуі, су ресурстарын тиімсіз басқару – бәрі қосылып қоршаған ортадағы тепе-теңдікті бұзды. Соның салдарынан топырақ құнарсызданып, желмен ұшып, құмға айналып жатыр. Жер тозса, ауыл шаруашылығы әлсірейді. Демек өнім азайып, фермер табысы төмендейді деген сөз. Осылайша экология біртіндеп экономикаға, одан соң қоғамға әсер етеді. Бұл бір ғана мысал. Бұдан бөлек, жаһандық жылыну, биоалуантүрліліктің азаюы, Арал теңізі мен Каспий теңізі жағдайы да күн тәртібінде тұр. Мұндағы дипломатияның маңызы айтпаса да түсінікті. Ал енді бүгін қандай мәлімдемелер болады, қандай шешімдер қабылданады, барлығын назардан тыс қалдырмай ақпараттың алдағы шығарылымдарында айтамыз. Арна қосулы болсын.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15