Семейде тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат тұрады
Семей қаласының тұрғыны Медғат Демежанов – тазалықты өмірлік ұстанымына айналдырған азамат. Қазақстанды жаяу жүгіріп өтіп, елдің Киннес рекордтар кітабына енген ол бүгінде туған қаласының тазалығы үшін еңбек етіп жүр. Қарапайым күзетші болып жұмыс істейтін Медғат бос уақытын бекер өткізбейді. Ол еріктілермен бірге қала көшелерін қоқыстан тазалап, сенбіліктерге тұрақты қатысады. «Таза Қазақстан» бастамасын белсенді қолдаушы. Эко-белсенді Павлодар тас жолы, Бейбітшілік аралы мен саяжай аумақтарында тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, жүздеген қап қоқыс жинауға атсалысқан. Ол үшін бұл жай ғана сенбілік емес, туған жерге деген жанашырлық пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Медғат Демежанов, экоблогер:
Біздің мына елімізге жерімізге біраз болсын құреметіміздің белгісі деп ойлаймын. Әйтпесе екінің бірі таңғы 5-те тұрып ана жаққа қоқыс теріп жүре алмайды ғой. Бізде мысалы үшін жұмысымыз бар. Жұмысқа дейін екі сағат барып теріп кетеміз. Міне бүгін сменнен шықтым. 36-шы күн қоқыс теріп жатырмын. Бұл менің қалама болсын біттей болсын азда болсын үлесімді қосайын, Абай атамыз айтады ғой, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан», - дейді. Сол атамыз айтқандай бір пайдамызды елге, жерге тигізсек деген азаматтың біріміз.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03