Халықаралық экономикалық ынтымақ нығаяды
Бүгін сенаторлар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін бірқатар заңды мақұлдады. Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия және Моңғолия елдеріне арналған өңірлік әлеуетті дамыту орталығын құру көзделіп отыр. Аталған ұйым макроэкономикалық талдау, ақша-кредит және бюджет саясаты, қаржылық реттеу мен статистика салаларында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа құрылым Қазақстанмен қатар Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қамтып, өңірлік ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған жобаларды іске асыруға қолдау көрсетпек.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Қаралған құжат Алматы қаласында халықаралық валюта қорының өңірлік орталығын құруды көздейді. Сондай-ақ беделді халықаралық ұйым бөлімшесінің қызметін де жан-жақты реттейді. Аталған құрылым өңірде эконрмиканы және мемлекеттік басқару саласын нығайтуға арналған жобаларды іске асыруға қолдау көрсететін болады. Жалпы, бұл заң еліміздің өңірдегі жетекші қаржы және іскерлік орталық ретінде қалыптасуына өз септігін тигізеді деп сенеміз.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03