Щучинсктегі жарылысқа қатысы бар тағы екі күдіктіні ұстады
Ақмола облысының прокуратурасы Щучинсктегі газ баллонының жарылысына қатысы бар тағы екі күдіктіні ұстады.
Олардың бірі – автогаз құю станциясының директоры, екіншісі – газ баллондарын
жеткізуші. Тергеу бойынша күдіктілер газ баллондарын толтыру және жеткізу
кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаған.
Соңы өртке ұласқан жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу
жалғасып жатыр. Естеріңізге салайық, ақпан айында дәмханада жарылыс болып, 28
адам зардап шекті. Оның 12-сі қаза болды.
Меруерт Байболова, облыс
прокурорының көмекшісі:
Күдіктілердің әрекеті Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша сараланды. Аталған бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдіктілердің біріне қатысты соттың санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы, екіншісіне үй қамағы таңдалды.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27