Жетісу облысында интернет алаяқтық бойынша 98 дерек тіркелді
Жыл басынан бері Жетісу облысында интернет алаяқтық бойынша 98 дерек тіркелді. Соның салдарынан тұрғындар 275 миллион теңгеден қағылған. Әккілер көбіне интернет арқылы тауар мен қызмет ұсыну кезінде арам пиғылын жүзеге асырған. Бұл туралы «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумында айтылды. Құзырлы орган өкілдері жеке деректердің қауіпсіздігіне мән беру қажет екенін ескертті. Жиында құқықтық сауаттылықты арттыру және жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайту мәселесі сөз болды.
Балауса Әбдуәлиева, студент:
Бұл іс-шара жастардың азаматтық ұстанымын күшейтуге, заң және тәртіп, құқықтық сауатын арттыруға негізделген шара болған. Заң, құқықтық қауіпсіздік сияқты тақырыптар қозғалды.
Бауыржан Жұмақанов, Жетісу
облысының прокуроры:
Интернет алаяқтықтың алдын алу үшін тікелей үйлестіру жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Бұған тікелей барлық құқық қорғау органдары және жергілікті атқарушы органдар да ақпараттандыру арқылы, қылмысқа жауапкершілікке тарту жолымен тоқтаусыз жұмыс жүргізіп жатырмыз.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17