СҚО-да құтырған ит анықталған
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы Амангелді ауылында құтыру ауруының ошағы тіркелді. Итінің агрессивті мінезін байқаған иесі, ветеринарлардан көмек сұраған. Сараптама жасалып, ауру расталды. Инфекция таралуының алдын-алу мақсатында шектеу шаралары енгілді. Яғни қауіпті аймақта ит пен мысық көрмелерін өткізуге, жануарларды сатуға және оларды елді мекеннен шығаруға тыйым салынды. Сауықтыру шаралары аясында дезинфекция жүргізіліп, 45 үй жануарына жұқпаға қарсы екпе салынды.
Нариман Тасболатов, ветеринария
басқармасының бөлім басшысы:
Шектеу іс-шаралары вакцинация жүргізілгеннен кейін, 2 айдан кейін алынады. Қазіргі уақытта эпизоотиялық жағдай тұрақты. Жоспарлы, яғни ветеринарлық іс-шаралар орындалып жатыр.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17