Қызылорда облысында күріш егу басталды
Қызылорда облысында күріштік алқаптарға дән себу жұмыстары басталды. Алғашқылардың бірі болып Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылының диқандары егінге кірісті.
Су тапшылығына байланысты биыл Сыр өңірінде күріш көлемі 70 мың гектарға дейін
қысқарды. Дегенмен шаруалар егіс алқаптарын лазерлік тегістеуден өткізіп,
өнімді арттырмақ. Ал көктемгі дала жұмыстарына 21 мың тонна арзан дизель отыны
берілмек. Дегенмен аймақта суды аз қажет ететін мал азықтық және жүгері дақылы
алқаптары ұлғайып отыр. Ал су үнемдеу технологияларын қолданған шаруашылықтарға
биыл мемлекеттен 10 миллиард теңге субсидия беріледі.
Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстары және ирригация министрлігінің комитет төрағасы:
Осы Шардара мен Көксарай су реттегішінің жұмыс режимін және биылғы жылға осы ауыл шаруашылығына қажет су лимитін алдын ала белгілеп жоспарлаған болатын. Соған байланысты 1 сәуірге тиісті су қоймаларда қажетті су көлемі жинақталды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17