Қазақстанның Ұлттық кітап күнін Ресейде де атап өтті
Ұлттық кітап күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепке бірнеше кітап тарту етті. Олардың ішінде Абай, Шәкәрім, Бауыржан Момышұлының шығармалары, Шоқан Уәлиханов пен Олжас Сүлейменов туралы зерттеу еңбектер бар. Сонымен қатар, халқымыздың бай мәдениетінен, дәстүрінен сыр шертетін туындылар да сыйға тартылды.
4-сынып оқушысы Татына Эшенкулова батыр Бауыржан Момышұлының кітаптарын
түгелдей дерлік оқыған. Болашақта ол қазақ халқының қаһарман ұлы туралы
зерттеумен айналысып, батыр жайында кітап шығарғысы келеді.
Татына Эшекулова, оқушы:
Мен Бауыржан Момышұлы туралы ақпараттарды үнемі жинап, екі жыл бұрын іздене бастадым. Ол Мәскеу түбінде сұралып шайқасқа қатысып, қан төккен, ерліктің үздік үлгісін көрсеткен. Біз ерлігіне құрметпен қарап, есімін ұлықтауымыз қажет. Ол күллі түркі елінің батыр ұлы деп білемін.
Мәскеудегі №1912 орта мектебінің музейінде Бауыржан Момышұлы атындағы
мемориалды зал бар. Онда Кеңес Одағының батырына қатысты
500-ден астам жәдігер қойылған.
Қазақстандық дипломаттар мектепке суреттерін де табыстады. Қыркүйек айына дейін
музей толық сандық жүйеге көшпек.
Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:
Аты аңызға айналған қолбасшының есімі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие, оның есімінің көптеген балаға берілуі кездейсоқ емес, ол қаһармандықтың, батылдықтың, ерліктің символы. Бұл мектеп те батырымыздың есімімен аталады. Сондықтан жылдар бойы елшілік мектепке қолдау көрсетуде.
Ұлттық
кітап күні Мәскеуде кеңінен атап өтілді. Қазақтың жазушы, ақындарының
туындылары Ресей астанасындағы
Әлия Молдағұлова, Наталья Ковшова атындағы мектептерге де берілді. Шапағаты мол
шара келешекте дәстүрлі
түрде ұйымдастырылмақ.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15