Алматыда парламентаралық шахмат кубогі өтіп жатыр
Бүгін Алматыда ТМД-ға мүше мемлекеттердің арасында Парламентаралық ассамблеяның шахматтан ашық кубогі өтіп жатыр. Қатысушылар шахмат пен саясаттың ұқсас ұғым екенін айтады. Саясатта да шахмат тақтасындағыдай әр қадамды ойланып, стратегиялық шешімдерді таразыға сала білуі қажет дейді. Қазір жарыс қатысушылары арасында тартысты бәсеке жүріп жатыр. Шахмат додасы Швейцария жүйесі бойынша өтеді, бас-аяғы 9 кезеңнен тұрады. Ал қатысушы саны – 48. Мұндай алғашқы ашық халықаралық жарыс Қазақстан Парламентінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Олег Цепкин, Ресей Федерациясының сенаторы:
Шахмат, әрине бізді біріктіруге мүмкіндік береді. Көптеген азаматымыз үшін де, біз, саясаткерлер, үшін де ортақ стратегиялық шешімдер қабылдауға ықпал етеді. Сондықтан саясаткерлер арасында осы спорт түрі арқылы шахмат тақтасында туындайтын ең үздік шешімдердің қандай болатынын бүгін көрсетуіміз өте символикалық мәнге ие.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09