Нөсер жауыннан кейін Кентауда бірнеше ғимаратқа су кірді
Түркістан облысының Кентау қаласында толассыз жауған нөсердің салдарынан көшелерді , тұрғын үйлердің жертөлелері мен аулаларын су алды. Өңірдегі тілшіміз Ернұр Уәлихан тікелей эфирге шығып өңірдегі ахуалды баяндап берсен. Ернұр қазіргі жағдай қалай?
Ернұр Уәлихан, тілші:
Кеше кешкісін небәрі жарты сағатқа созылған нөсер Кентау тұрғындарын әбігерге салды. Облыстық ТЖД мәліметінше, кей аумақтарда су деңгейі 25 сантиметрге дейін көтеріліп, 10 көшені лай су басты. 47 тұрғын үйдің ауласы мен бірқатар нысандарды, соның ішінде инфекциялық аурухана, орталық базар, автовокзал және жекеменшік ғимараттарды су алды. Көпқабатты үйлердің жертөлелері де суға толып, жеке үйлердің бірінің қабырғасы құлап, жиһаздарын қызыл су шайып кеткен. Салдарды жою үшін жедел штаб құрылып, 180-ге жуық адам, 24 мотопомпа және 14 техника жұмылдырылды, сондай-ақ 500 қап инертті материал пайдаланылды. Құтқарушылар жұмысты түнгі сағат үш шамасында аяқталды. Тасқын судан зардап шеккендер жоқ, шығын көлемі анықталып жатыр.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17