ЕуроОдақ Ресейге 20-шы пакет санкция қабылдады
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 20-шы пакетін қабылдады. Құжатқа сәйкес Ресей мұнайын тасымалдауға толық тыйым салу қарастырылған. Сонымен қатар 46 танкер, 60 компания қара тізімге кіргізілді. Бізбен тікелей байланысқа Ресейдегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, шектеулер ел экономикасына қалай әсер етеді?
Индира Бегайдар, тілші:
Мамандардың айтуынша, жаңа санкциялар бюджет тапшылығын ұлғайтады, қазынаға түсетін қаражат қысқарады. Өйткені Ресей бюджетінің басым бөлігі мұнайдан түсетін қаржыға байланысты. Жиырмасыншы пакетте металдардың, химиялық өнімдердің және 570 миллион еуродан асатын маңызды минералдардың импортына шектеу қойылған. Сонымен қатар, аммиак импортына квота енгізілді.
Марсель Салихов, РФ Энергетика және қаржы институтының президенті:
Ресейге қарсы жаңа экономикалық шектеулердің әсерінен доллар қымбаттап, рубльдың құлдырауына әсер етеді. Әрине Ресей мұнай экспортын тоқтатпайды. Бірақ қара алтынның шекті бағасы төмендейді. Жүздеген танкер санкциялық тізімге ілікті. Сондықтан бұл салаға салықтық жүктеме артты.
Ресейдің жалпы ішкі өнімі екі ай қатарынан
қысқаруда. Елде инфляция да он пайызға жуықтады. Өңдеу өнеркәсібі, құрылыс
салалары санкция салқынын сезінуде. «Көрші елдің экономикасы рецессияға жақын», - дейді сарапшылар.
Бюджет тапшылығы жылдық жоспардан асып, 4,6 трлн рубльге жетті. Сондықтан
алдағы күндері ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы көтеруі ықтимал.
Автор
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өскемен мен Қостанайда «Таза Қазақстан» акциясы өтті
19.05.2026, 17:35
Сауалнама: Кітап оқисыз ба?
19.05.2026, 17:30
«Мәдениет және инновация» республикалық форумы басталды
19.05.2026, 17:27
ҰБТ: Бірнеше оқушы 140 балл жинады
19.05.2026, 17:25
Тараздағы су арнасына адамдар батып кетіп жатыр
19.05.2026, 17:22
Қарағанды облысында 1 млн 200 мың гектар алқапқа дән септі
19.05.2026, 17:20
Alatau City-де әуе таксиін көрсетті
19.05.2026, 17:17
Қазақстан Бітімгершілік күші Голан жоталарына аттанды
19.05.2026, 17:15