Транзиттік әлеуетті дамыту мәселесі талқыланды
Елімізде соңғы бес жылда көлік-логистика кешенін және транзиттік әлеуетті дамытуға 13,5 трлн теңге қаржы және инвестиция салынды. Бүгін Парламент Сенатында еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту тақырыбына арналған парламенттік тыңдау өтті. Іс-шарада барлық мүдделі тараптың өкілдері бірыңғай көлік-логистика саясатын қалыптастыру жолындағы бірлескен жұмысты және осы бағыттағы тың тәсілдерді талқылады. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық тауар экспорты үшін қауіпсіз әрі тұрақты бағыттар қалыптастыруды міндет етіп жүктегенін айтты.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Еуразия құрлығында транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтып, толыққанды көлік-логистикалық державаға айналуға тиіс екенін үнемі айтып келеді. Транзиттік мүмкіндіктеріміз жоғары болғанына қарамастан, инфрақұрылым, сервис сапасы, рәсімдердің жылдамдығы бойынша мәселелер бар екені жасырын емес. Сондықтан қазір жекелеген жобалар жиынтығы емес, бірыңғай ұлттық транзиттік жүйе қажет. Соңғы бес жылда көлік-логистика кешенін және транзиттік әлеуетті дамытуға 13,5 трлн теңге қаржы және инвестиция салынды. Алдағы уақытта осы және өзге де шаралар нақты нәтижесін береді деп сенеміз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28