Ақтөбе облысында киіктерді санап шықты
Ақтөбе облысының аумағында киіктерге әуеден санақ жүргізілді. Мамандардың айтуынша, бұл шараны ақбөкендердің төлдеу маусымы алдында жүргізудің маңызы зор.
Өңірдегі киіктердің негізгі шоғыры Ырғыз, Әйтеке би, Шалқар аудандарында. Санақ
қорытындысы бойынша, 105 мыңнан астам бөкен бары анықталды. Дегенмен олардың
нақты саны бейнетүсірілім және тіркеу құжаттарын толық зерттеген соң ғана
белгілі болады. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы
қызметкерлерінің айтуынша, облыс аумағында Үстірт және Бетпақдала
популяцияларына тиесілі киіктердің саны шамалас.
Александр Книжник, облыстық Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
Әуе санағына инспекция мамандары және «Охотзоопром» мекемесінің инспекторлары, Қазақстаннның биоалуандығын сақтау қауымдастығының ғалымдары қатысты. Ұшу уақыты 57 сағаттан асты. Нәтижесінде Үстірт және Бетпақдала популяцияларына тиесілі 105 782 киік бары анықталды.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27