RES 2026: Аймақ елдерінің ортақ ұстанымы
Саммит барысында қабылданған шешімдер алдағы халықаралық алаңдарда маңызды рөл атқарады. Жиынға қатысқан делегация өкілдері осылай дейді. Шетелдік қонақтар бұл саммиттен қандай ой қорытты? Бірге тыңдайық.
Марко Арчери, халықаралық суару және дренаж комиссиясының президенті:
Арал теңізінің мәселесін шешу жолдары көп. Ең алдымен, Аралдың табиғи ортасын қайта қалпына келтіру керек. Шаңды дауылдарды азайтқанымыз жөн. Аймаққа бейімделген арнайы флора түрлерін отырғызу керек. Мұнда оң нәтиже берген экологиялық оң шешімдерді әлемнің басқа өңірлеріне де көрсеткім келеді. Өйткені климаттың өзгеруі әсерінен мұндай жағдай жер шарының басқа аймақтарында да қайталануы мүмкін. Өңірлік экологиялық саммиттің келесі жиынына қайта келгім келеді.Наталья Олофинская, БҰҰ даму бағдарламасы климат өзгеруіне бейімделу жөніндегі техникалық кеңесшісі:
Орталық Азия елдерінің ортақ мақсат жолында бірге әрекет етуге дайын екенін көрдім. Самммиттің алғашқы күнінде бес мемлекет биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі Өңірлік декларацияға қол қойды. Бұл БҰҰ Даму бағдарламасының жұмысы үшін де аса маңызды. Біз Орталық Азия елдерімен бірге климат, биоалуантүрлілік, жер ресурстарын тиімді басқару және ластану мәселелері бойынша кешенді шешімдер ұсыну бағытында жұмыс істеп келеміз. Саммит барысында қабылданған шешімдер мен аймақтағы елдердің ортақ ұстанымы алдағы халықаралық алаңдарда маңызды рөл атқармақ.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27