Қарағанды облысында қатты желдің кесірінен бірнеше ғимараттың шатыры бүлінді
Еліміздің бірнеше қаласында қатты жел тұрып, елдің есін шығарды. Мәселен, Қарағанды облысында бірнеше ғимараттың шатыры бүлініп, ағаш құлап, көліктер зақымданды. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы бізбен тікелей байланыста. Жандос, қатты желден қанша ғимарат бүлінді? Адамдар аман ба?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Көктем келгелі табиғаттың тосын құбылысы да жиілеп кетті. Өткен аптада аяқ асты қар жауса, кеше қатты жел тұрып, елді әбден әбігерге салды. Синоптиктердің айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 23 метрге жеткен. Соның салдарынан Қарағанды, Абай, Қарқаралы қалаларындағы 4 бірдей көп қабатты тұрғын үй мен Осакаров ауданы Жұлдыз ауылындағы мектеп шатыры бүлінген. Ал Қарқаралы ауданында қазандық маңындағы ескі мұржа құлады. Онымен қоса, қатты желден ағаштар мен бұталар қирап, көліктерге зақым келген. Қазіргі таңда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тазарту жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккендер жоқ. Алайда құтқарушылар алдағы уақытта жел екпіні 20 метр секундқа дейін артуы мүмкін, сондықтан барынша сақ болу керектігін айтуда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28