Шымкентте құмар ойын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды
Шымкентте мобильді қосымша арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Жасырын интернет-казино тәулік бойы жұмыс істеп, Қазақстанмен қатар көрші
елдердің ойыншыларын да тартқан. Тергеу мәліметінше, жергілікті тұрғын покер
ойындары өткізілетін онлайн-платформаның жұмысын үйлестіріп отырған.
Қатысушыларды көбейту үшін мессенджерлерде жарнама таратылып, түрлі бонус
жүйелері ұсынылған. Ойыншылар банк аударымдары арқылы шоттарын толықтырып,
виртуалды фишкалармен ойынға қатысқан. Ал ұйымдастырушылар табысты әр ойыннан
алынатын 3-5
пайыз комиссия есебінен тапқан. Қаржы ағындарын жасыру үшін «дропперлердің»,
соның ішінде шетел азаматтарының шоттары пайдаланылып, әр шот үшін 100–200 мың теңге
көлемінде сыйақы төленіп отырған.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Жалпы ақша айналымы 557 млн теңгеден асқан. Тінту барысында ұйымдастырушының тұрғылықты жерінен есірткі заты табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Айта кету керек, құмар ойындарға қатысушылар кей жағдайларда 30 млн теңгеге дейін елеулі қаржылық шығынға ұшыраған.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03