Елордадағы №1 индустриялық парк аумағына 1000 түп көшет отырғызылды
Елордадағы№1 Индустриялық парк аумағына 1000 түп көшет отырғызылды. Ауқымды экологиялық акцияға мыңнан астам адам қатысып, көгалдандыру мен тазарту жұмыстарына белсенді атсалысты.
Индустриялық аймақта 145 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондықтан мұндай аумақта экологиялық
тепе-теңдікті сақтау, санитарлық жағдайды жақсарту аса маңызды. Игі іс-шараға
инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына қарасты ұйымдар, сондай-ақ
қонақүй, мейрамхана бизнесі мен кофехана ұжымдары да жұмылдырылды.
Нұржан Әшімов, қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы
басшысының орынбасары:
Бұл іс-шараның ең бірінші мақсаты - тұрып жатқан сүйікті қаламызды таза ұстау және де өскелең ұрпаққа үлгі көрсету. Негізі бұл индустриалдық аймақ өндірісі шоғырланған жер болғандықтан, бұл жерде көгалдандыру және қоқыстан тазарту, көшеттер, ағаштар отырғызу ең басты міндет боп саналады. Бұл экоакция әлі де жалғасын табады. Соған барлық бизнесті белсенді қатысуға шақырамыз.
1000 түп ағаш елорданы көгалдандыруға қосқан ауқымды үлес. Ұйымдастырушылардың
айтуынша, мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартып қана қоймай,
әртүрлі сала өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтады.
Алмат Әлімбай, «Astana invest» қалалық
инвестицияларды дамыту орталығы департаментінің директоры:
Бұл акция бізде әр апта сайын жоспарланып, әр апта сайын жүргізілуде. Мұндай акция шаралары индустриялдық 1-аумағының кәсіпорындарына өте бір қызық деңгейде өтіп жатыр. Неге десеңіз, өзінің елі үшін, өзінің отаны үшін, қоршаған ортаны тазалау үшін қосқан үлесін көрсеткені үшін өте қуанышты.
Мамандардың пікірінше, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта тұрақты дәстүрге
айналып, қаланың көркеюіне оң әсерін тигізбек.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
19.05.2026, 13:09
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл егілді
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09