Жеке деректер саудасына қатысты күдіктілер ұсталды
Жеке деректерді заңсыз таратты деген күдіктілер ұсталды. Астана мен Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен бірлесіп ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу деректеріне сәйкес, олар заңсыз жолмен алынған ақпаратты интернет арқылы сатып келген. Бұл мәліметтерді негізінен микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ жекелеген тұлғалар сатып алған. Тінту кезінде компьютерлер, электронды тасымалдағыштар, қомақты қаржы және өзге де айғақ заттар тәркіленді. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды. Соның ішінде жеке өмірге қол сұғу, жеке деректерді заңсыз пайдалану және ақпаратқа заңсыз қол жеткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02